02.09.2014
Білім ордасы 420 орынға есептелген, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жаңа ғимаратта спорт зал, асхана, екі медицина кабинеті, зертхана, кітапхана, екі лингафон сыныбы мен бір мультимедиялық кабинет бар.
Майқайың ауылында ағымдағы оқу жылында 1370 оқушы оқитын болады және 3 бірінші сынып бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың соңына дейін облыста 3 жалпы білім беретін нысан пайдалануға берілетін болады.