• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жаңа  оқу жылында ШҚО-да 22 мыңнан астам бүлдіршін  мектеп табалдырығын аттады 02.09.2014

ШҚО-да жыл санап бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Егер өткен жылы бірінші сыныпқа өңірде 19 543 бала барса, биыл олардың саны 2670 балаға артты. Ал, 9 мыңнан астам оқушы бітіруші 11 сыныпқа көшті, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Айта кетерлік жайт, Ұлан ауданының Привольное мен Украинка ауылдарында жаңа білім ошақтары ашылды.

Сонымен қатар, апатты мектептерді жаңа білім ордаларын ашу арқылы жою белсенді жүргізілуде. Жалпы, ағымдағы жылы 12 білім нысанын ашу көзделген, оның 6-уы мектеп, 2-уі балабақша, 4-уі өзге білім нысаны. 

Барлық мектептерде ыстық тамақ пен балаларды тегін бал және сүтпен қамтамасыз ету шешілген.

 


Back to the list