01.09.2014
Елордалық әкімдіктің хабарлауынша, білім күні Астанада 5 жаңа мектеп ашылды (№73, 74, 75, 76, 78). Әр мектептің жобалық қуаттылығы 1200 орын.
Мектептердің орналасу жерлері жаңа тұрғын үй маңайлары. Бұл тәжірибе елордалық халықтың балаларын дәл үй іргесіндегі мектепке беруі мен балалардың қатынауына айтарлықтай жеңілдік бермек.
Айта кету керек, осы ашылғалы жатқан мектептердің бірін Мемлекет басшысы өзі қатысып ашпақ.
Сонымен, Астанадағы жаңадан ашылған жаратылыстану-математика бағытындағы №73 физика-техникалық лицейге Ш.Қалдаяқов аты берілген. Сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы №74 мектеп-гимназиясы да алғашқы шәкірттерін қабылдағалы отыр.
Сонымен қатар 2014-2015 жаңа оқу жылында Түркістан көшесі бойында №76 мектеп-гимназиясы мен «Жағалау» ТК жанында №78 мектеп өз шәкірттерін күтпек.
Камила Амирова