• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында бес балабақша құрылысы жүргізілуде 31.08.2014

Ақтөбе облысында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту (1-ден 6 жасқа дейінгі) 63,3% (республика- 48,4пайызн 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 85% (республика -72,5  . Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында және Ақтөбе қаласында 320 орындық 2 балабақша құрылысы салынуда. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында 840 орынға 3 жеке балабақша құрылысы салынуда ( 2 б/б 320 орынға және 1 б/б 200 орынға).

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын қажеттілігін тиімді шешудің бір жолы жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру болып табылады. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде жеке балабақшалар желісі үш есеге дейін 7-ден 21 бірлікке артты. Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс есебінен 2837 бала жеке балабақшаларға барып жүр, бұл жеке балабақшаларда тәрбиеленетін балалардың 85,3%-ын құрайды. 

Жалпы алғанда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша облыс республикада 5-орында. Өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі 4 бірлікке көбейді.


Back to the list