• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдары табысталды 28.08.2014

«Ел болып, халық болып әрдайым осындай игі істерді қолға алу – біздің азаматтық парызымыз. Әрбір баламызды мектеп партасына отырғызсақ, оларға сапалы білім бере білсек, бұл - біздің болашақ алдындағы жауапкершілігімізді ақтағанымыз. Сендерге үлкен үміт артамыз. Біздің сенімімізді ақтап,  еліміздің білімді азаматы болып өсіңдер. Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін», - деді Нұржан Әлібаев.

«Мектепке жол» республикалық акциясы елімізде алты жылдан бері өткізіп келеді. 1 тамыздан басталған шара аясында Қызылорда облысында бүгінде 2 мыңнан астам балаға 12 млн. 215 мың теңгеден астам қаржының көмегі көрсетілді. Мектеп формасы мен құрал-жабдықтар жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Акцияға мемлекеттік мекемелер, депутаттар, облыстық басқармалар мен бизнес құрылымдары үлкен үлес қосуда.

Қабылдау соңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған дамуында ерекшелігі бар балаларға оқу құралдары табысталды. Ата-аналар мен балалар өз кезегінде бұл үшін алғыстарын білдірді.

 


Back to the list