• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Г.Әбдіқалықова: 2014 жылдың соңына дейін республикадағы 56 апатты мектеп жойылады 22.08.2014

«Бүгінде ешқандай да экономика саласы инновациялық дамусыз алға баса алмайды. Ғылым мен білім елдің инновациялық дамуында, отандық экономиканы жаңғыртуда басты мәнге ие», - дейді вице-премьер.

Оның айтуынша, өңірлік теңсіздікті қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2 мың студент еңбек күшіне зәру өңірлердің 7 ЖОО мен 24 колледждерінде білім алатын болады.

Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықованың айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін Апаттық мектептер картасы дайындалмақ. Онда алдағы уақытта жойылуы тиіс барлық оқу орындары жеке-жеке көрсетілетін болады.

«2014 жылдың 1 тамызындағы мәліметке сай, республикада 176 апатты жағдайдағы мектеп тіркелген. Жыл соңына дейін олардың 56-сын жою жоспарланған», - дейді.

Камила Амирова


Back to the list