21.08.2014
«Орталық жұмысының негiзгi бағыты педагогтардың инновациялық әлеуетiн дамытудағы желiлiк өзара әрекеттестiктi жасау және оның құрылымына, ғылыми-әдiстемелiк көмек құрамы мен мазмұнына, ең бастысы, өз пәнi бойынша нақты бiлiм алуға бағытталады», - деді Э.Сұханбердиева.
Оның айтуынша, өткен оқу жылына жүргiзiлген аудит нәтижелерi мұндай орталықты құру қажеттiлiгiн көрсетiп отыр.
«Аудит қаланың бiлiм беру ресурстарының әркелiлiгiн анықтап, оларды күшейту қажеттiгiн көрсеттi. Бiрнеше мамандандырылған және орталық мектептердiң ұстаздары ғана тиiстi дайындық сапасына ие. Бұл бiлiм ошақтарында астананың үздiк кадрлары шоғырланған», - деп түйіндеді ол.