15.08.2014
«2013 жылы еңбек нарығында туған қажеттілік – 175,6 мың адам. Оның ішінде автоматтандыру үрдістерінің арқасында 111,6 мың адамға қысқарды, десек те кадр тапшылығы 64 мың адамды құрап отыр. Оған қоса, біздің жүйе жыл сайын 170-175 мың адамды еңбек нарығына шығарады. Көріп отырғаныңыздай, 100 адам бірден жұмыссыздар қатарына енеді», - деді С. Мадеев.
«Сондықтан да біздің басты міндетіміз, кадр тапшылығына қатысты проблемаларды барынша азайту. Бұл жергілікті жерлерде жұмыс берушілермен белсенді жұмыс жүргізу керектігін байқатады», - деді ол.
Оның айтуынша, департамент колледждердің материалдық техникалық базасына мониторинг жүргізуде.
«Қалыптастыруға жергілікті кәсіпкерліктер қатысуы керек. Бұл үрдістің барлығы кадр тапшылығын қысқартуға бағытталған», - деді ол.
Мадина Нұрбекова