• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҒМ еңбек ресурстары тапшылығын азайтатын бағдарламаны жүзеге асыруда 15.08.2014

«Қазіргі таңда кәсіптік стандарттарды жасақтау бойынша жұмыс қарқынды жүргізілуде. Өткен аптаның өзінде біздің  қызметкерлеріміз бірнеше рет жеңіл өнеркәсібі, өндіріс, автокөлік, көлік және темір жол салалары бойынша кәсіптік стандарттарды жасақтауға арналған жұмыс тобының отырысына қатысты», - деді Мадеев.

Оның айтуы бойынша, көзге көбірек түсетін үш аймақты атаса болады.

«Маман тапшылығы көбіне солтүстік пен шығыстың шалғай аудандарында, Қазақстанның орталығы мен Астанасында байқалады, сонымен қатар батыс аймақтарда да тапшылық бар. Осы ретте біздің департамент ұзақмерзімге есептелген «Мәңгілік Ел Жастары - индустрияға» бағдарламасын жасақтауда», - деді ол.

Ол атап өткендей, аталмыш бағдарлама оңтүстік және батыс аймақтардағы демографиялық қысымды төмендетуге және еңбек ресурстарының шығыс және солтүстік аймақтарға ауысуына жағдай жасауға арналған.

Мадина Нұрбекова


Back to the list