• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің  87 пайызы жұмыспен қамтылған 14.08.2014

Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов атап өткендей  Қорқыт ата атындағы ҚМУ 7-орыннан көрінді. 6,5 мыңнан астам шәкіртті білім нәрімен сусындатып жатқан университет студенттері өткен оқу жылы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польша, Корея, Ресей мемлекеттерінде оқуға мүмкіндік алды. Одан бөлек, екіжақты бағдарламалар бойынша студенттер мен магистранттар қазіргі күні АҚШ, Канада, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша, Украинада білімдерін жетілдіруде. 

«2013 жылы университет Білім сапасын қамсыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігі арқылы институционалдық, биыл аталған агенттік арқылы 47 білім бағдарламасы 5 жылға мамандандырылған акрредитациядан өтті. Оның ішінде 27 бакалавриат, 17 магистратура, 3 докторантура бағдарламасы бар. Ғалымдарымыз Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде жалпы құны 50 млн. теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыруда», - дейді Қылышбай Бисенов. 


Back to the list