• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл Астана мектептерінде 100 мың оқушы білім алады 13.08.2014

Салыстыратын болсақ, 2013-2014 жылғы оқу жылдары оқушылар саны 94 712 құрады, ал 1-ші сыныпқа  12 462 бала барды. Ал, 2012-2013 жылдары 86 663 оқушы болды.

«Мектептердің лық толып кетпеуін болдырмас үшін Астанада 2014-2015 жылғы оқу жылының 1 қыркүйегінде 4 мектеп ашылмақ, соның есебінде № 57, 59 мектептеріндегі 3 ауысымдық білім мен № 17, 52, 53, 66 мектептеріндегі тығыздық  жойылатын болады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, әрбір жаңа мектепте 1200 баладан білім ала алады. Білім беру нысандары жаңа оқу жылының басында беріліп,  бес мың оқушыны қамтиды. 


Back to the list