07.08.2014
Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының бастығы Серік Төленбергенов хабарлағандай, жаңа оқу жылы қарсаңында 17 нысанды пайдалануға беру көзделуде.
Ал, Білім күні 15 білім нысаны іске қосылады. Олар 80 орынға есептелген Аягөз ауданы Бидайық ауылындағы, Күршім ауданындағы Жаңаауыл, Шеңгелді, Қойтас ауылдарындағы, Тарбағатай ауданының Бозша, Жамбыл мен Қарасу ауылдарындағы, Ұлан ауданындағы Новo-Канайка, Украинка, Привольное мен Алғабас ауылдарындағы, Шемонаихинск ауданындағы Пруггерово, Медведка, Октябрьское ауылдарындағы мектептер және Зайсан қаласындағы 600 балаға арналған интернаты бар мектеп пен 140 бүлдіршінге есептелген балабақша.
Бұдан басқа, 1 қазанға дейін Ұлан ауданындағы Айтықов ауылының және Күршім ауданындағы Ақсуат ауылының мектептері оқушыларды қабылдайтын болады.