• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбенің 12 оқушысына көмек көрсетілді 06.08.2014

«7 жыл бойы кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және облыс кәсіпкерліктерінің жұмысшылары балаларды мектепке дайындауға жәрдемдесті. Жақында облыстық білім беру басқармасында құны 30 мың тұратын мектеп киімі мен оқу –жабдық құралын 12 оқушы иеленді», - делінген хабарламада.

Акцияға білім беру саласының  қызметкерлері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Ақтөбе облыстық перинаталды орталық өкілдері қатысты.

«Біздің үлкен жанұяда 3 оқушы бар. Осындай қолдаусыз оларды мектепке дайындау қиынға тиетін еді. Мен көмек көрсеткен адамдарға алғыс білдіремін», - деді көпбалалы ана Айгүл Омарова.

Айта кетейік, «Мектепке жол» қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. 


Back to the list