04.08.2014
Тамыздың 1-і мен 30 қыркүйек аралығында бірінші сыныпқа баратындарға әлеуметтік көмек көрсету акциясын өткізу қарастырылған.
Сондай-ақ, «Мейірімді қол» акциясын ұйымдастыру да жоспарланған.
«Мектепке жол» акциясының мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
Акцияның ресми ашылуы мен жабылуы аудандық, облыстық деңгейде стадиондарда, алаңдарда, спорт залдарда, мәдениет үйлерінде және т.б.көлемді іс-шаралар нысанында өткізіледі.
Мектеп деңгейінде басты назар дәлелсіз себептермен сабаққа бармайтын немесе сабақты жиі қалдыратын кәмелетке толмағандарды анықтау жұмысына және оларды тәрбиелеу, міндетті жалпы орта білім алу жөнінде шаралар қабылдауға аударылады.
Суретті түсірген Азамат Әлиев