04.08.2014
Балабақшада 9 топ бар, олардың 3 көру қабілеті нашар балаларға, 3 сөйлеуде кемістігі бар балаларға және 3 психикалық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған.
Сонымен қатар, №1 қалалық орта мектептің арнайы сыныбында 50 бала білім алуда. Қарапайым мектепте оқу арқылы олар өздерінің сап-сау құрдастарымен бірдей мектеп ішілік шараларға қатысуға, ортаға бейімделу мүмкіндігіне ие болады.
2014 жылы дәл осы мектептің жанынан облыстық инклюзивті білім беру бойынша машықтандыру алаңы ашылды.
Сөйлеу барысында кемістігі бар 103 баламен мектептер мен балабақшаларда ашылған 8 логопедтік пунктер жұмыс істейді.