01.08.2014
Мандаттық және қабылдау комиссиясы шешімі бойынша 150 үміткер Көкшетау техникалық институтына қабылданды, 37 үміткер Ресей ТЖМ кәсіби оқу орындарында және Беларусь елінің жоғары оқу орнында білім алады.
Өзара ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшартқа сай биыл Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясына 17 адам, Азаматтық қорғаныс академиясына 5 адам, Ресей ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетіне 5 адам, 10 үміткер Беларусь Республикасы ТЖМ Командалық-инженерлік институтына күндізгі оқу бөліміне білім алуға жіберілді.
Өткізілген тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін ескерте отырып, Мандаттық комиссия сырттай оқу тыңдаушыларының құрамына Қазақстан Республикасы ТЖМ аумақтық органдарының техникалық және кәсіби жоғары білімі бар 120 қызметкерлерін қабылдау бойынша шешім шығарды.