28.07.2014
Еліміздің бес аймағында германиялық үлгідегі дуалды білім беру жүйесі енгізілген, деп ҰКП баспасөз қызметінен хабарлады.
Н. Алтаевтың айтуынша, ағымдағы жылы кәсіпорындардың өзінде 10 мыңнан астам адамдарды даярлау басталады. Айта кетерлік жайт, бұл мәселеде Үкіметпен жергілікті атқарушы органның қолдау көрсеткені маңызды.
«Бүгінде атқарушы билікпен бірге қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сараптама жүргізілді. Ал, ҚР БҒМ бірлесіп білім саласындағы 17 қарамақайшылық анықталды. Олар дуалды білім беруді енгізу үшін әкімшілік кедергілерді келтіріп отыр. Қазіргі таңда бұл мәселелер бойынша біратар ұсыныстарды жасақтадық. Алдағы уақытта олар коммисияның қарауына жіберіліп, солардың рұқсатымен қолданысқа енеді», - деп түйіндеді Нұржан Алтаев.