• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Арнайы көлік орталығынан 607 адам оқып шықты 16.07.2014

Орталықта қала автобустарының 353 жүргізушісі мен 254 кондукторы оқытылды. Оқыту бағдарламасы кезең-кезеңімен жүргізіледі. 4 біліктілік деңгейінен тұрады. Атап айтар болсақ олар базалық 218 сағаттық, кәсіби 62 сағаттық, шеберлік 34 сағаттық және сарапшы 16 сағаттық.

Тәжірибелік сабақтар арнайы компьютер сыныптарында өтеді. Ғимаратта тесттер, тапсырмалар, жол жүру ережелері оқытылады.

Естеріңізге сала кетейік, көлік саласы мамандарының біліктілік орталығы Астанада биылғы жылдың мамыр айында ашылған еді. Онда халықаралық стандарттар бойынша білім беріледі. Аталмыш орталық республикада әзірге жалғыз. Мұнда қалалық жолаушылар автобусы жүргізушілері қажетті білімді толықтай игеріп шығады. Қала көлігі жүргізушілерінен бөлек мұнда кондукторлар, такси жүргізушілері мен өзге де мамандар мақсатты топ болып табылады. Орталық түрлі санаттағы жүргізушілерді дайындауға және қайта дайындауға бағытталған. Сонымен қатар онда көлік саласы мамандарының біліктіліктері арттырылып, қызметтеріне мониторинг жүргізіліп, Астана қалалық көлік саласы мамандарының біріңғай мәліметтер базасы құрылады. 


Back to the list