14.07.2014
«Қазақстандық мектеп оқушыларының физика пәні олимпиадасына қатысқан құрамасы халықаралық аренада елдің атын шығаруда. Осындай бәйгелердің бірінде Қазақстаннан келген оқушылардың барлығы 25 медальдің 24-ін алғанын сіз бен біз білеміз. 2009 жылы сіздің ел екі алтын, 2011 жылы 3 күміс алды», - дейді Х.Йорданс.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың жоғарғы көрсеткіші еліміздегі білім беур жүйесінің сапасына байланысты.
«Олимпиаданың басты мақсаты теориялық және эксперименттік кезеңдермен топтардың өзара бір-бірімен сынасуы болып табылады. Мұнда бір ғана қатысушы жүзден жүйрік шығады. Бізідң елде бүгінге дейін алтын да, күміс те, қола да болды. Біз шараны барынша мол медаль табыстауға ыңғайлап ұйымдастырамыз», - дейді.
IPHO президентінің айтуынша, мұндай байқаулар жалпы ғылымның даму деңгейін көрсетеді. «Әлемдегі ғылымның дамуы – физика олимпиадасының басты мақсаты. Мұнда үміткерлер бір-бірімен кездесіп, пікір алмасады. 5-10 жылдан кейін олар нағыз ғалым болып, ғылымның дамуына үлес қосады», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 45-інші халықарылық физика олимпиадасы 21-інші шілдеге дейін өтеді. Олимпиадаға әлемнің 85 елінен 700-дей оқушы қатысуда.
Камила Амирова