13.07.2014
Ғылыми зерттеушілік бағдарламаға қатысу үшін мұғалімдер тағылымдамаға дейін алты айлық тілдік курстан өтті (30 кредит). Бағдарламаға «Оқыту мен алдын ала даярлық теориясы мен практикасы» мамандығы енгізілді. Тағылымдама тақырыбы «Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғары сыныптарында ағылшын тілінде сабақ беру». Тағылымдама бағдарламасы жалпы білім беретін орта мектептердің жоғары сыныптарында қолдануға болатын финдік және еуропалық педагогиканың соңғы инновацияларын ескере отырып құрастырылған. Педагогикалық процесс кезінде желілік және диалогтық оқыту шеңберіндегі жаңашылдықтар мен жаңа оқыту әдістері ескерілді, деп Назарбаев Зияткерлік мектептерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағылымдама барысында мұғалімдер тек тағылымдаманың оқу бағдарламасының тыңдаушылары ретінде ғана болмай, сонымен қатар, фин мектептерінде сабақтар өткізіп, білім беру облысындағы түрлі мамандармен кеңес жүргізіп, түрлі семинарлар мен конференцияларға жеке презентацияларымен қатысқан болатын.
«Финлядияда болған уақыт аралығында мұғалімдер осы елдің тарихымен, мәдениетімен танысып үлгерді, көрмелер мен мұражайларға барды. Тағылымдаманың соңына таман НЗМ мұғалімдері HAMK қолданбалы ғылымдар университетінің ұжымы алдында жеке зерттеу жобаларын қорғап шықты», - делінген хабарламада.