11.07.2014
«Осы жылы «Бөбек» қоры бiздiң жинақтау жүйемiзге өз үлесiн қосып отыр. Балалар үйi тәрбиеленушiлерінің әрқайсының атына бұл жүйеде шот ашылған. Егер де олар ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыратын болса, ЖОО-да бiлiм алу ақысы аталған шоттардан төленетiн болады. Мұндай мүмкiндiк балалар үйi түлектерiнiң әрқайсысына жасалған. Бұл мақсатта қор 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлдi. Бұл – өте жақсы бастама. Грантқа балалар үйi түлектерiнiң шамамен 20-25%-ы ғана өтiп жатады, ал қалған балалардың бiлiм алу ақысы осылайша төленетiн болады», - деді сөз басында министр.
Сонымен қатар, ведомсвто басшысының айтуынша, өткен жылдары кез-келген балалар үйінің түлегі тегін білім ала алмайтын. Олардың 75% ақылы түрде білім алуға мәжбүр болатын. Алайда, «Бөбек» қорының арқасында бұл қиындықтар келмеске кетті.
Сонымен, «Бөбек» қоры мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiне қатысып, арнайы қаржы бөлген. Мұның арқасында балалар үйiнiң 6889 түлегi өздерi қалаған мамандықты таңдап, ақылы негiзде бiлiм алу мүмкiндiгiне ие болады.
Айта кетерлік жайт, биылғы жылы балалар үйiнiң 103 түлегi ҰБТ тапсырып, 54 оқушы шектi деңгейден өтiп, орташа 70 балл жинаған.