• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысының  Мұнайлы ауданында балабақша ашылды 04.07.2014

280 орындық балабақша республикалық және жергілікті бюджет есебінен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

25 баладан тұратын 14 топ ашылды. Мұндағы сыныптар ағылшын және орыс тілдерін оқытады. Интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Өзін өзі тану кабинеттері мен компьютер сыныбы, музыка және акт залдары бар.

Мекемеге «Маңғыстау-4» елді-мекенінің тұрғындары тартылуда. Олар Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған еді.

«Мұнайлы ауданының халқы жыл санап артып келе жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар да көптеп бой көтеруде. 2007 жылы аудан құрылғанда 100 орындық жалғыз балабақша бар еді. Қазір «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 23-і салынды. Соның 11-і жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелері, 8-і мемлекеттік және 4 шағын орталық. 2918 бала мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз етілген», - дейді Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев. 


Back to the list