04.07.2014
Зияткерлік мектеп 864 орынды. Мектеп ғимараты 7 блоктан тұрады, бұларда 75 оқу сыныптары бар, 21 кабинетке 24 оқушыдан, ал 54 кабинетке 20 оқушыдан сияды. Бұлардың арасында математика, интеграция, техникалық модельдеу, нано және биотехнологиялық, робототехникалық, физика, химия, биология кабинеттері бар, жеке дайындалу және психологиялық әсер ету кабинеттері де жұмыс істейді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
«Астана күні қарсаңында және Алматыда Білім жылының жариялануына орай биік деңгейлі зияткерлік мектебі ашылып отыр. Бұл мектептің түлектері өз елінің лайықты азаматтары мен патриоттары болатындығына, ғылымда зор жетістіктерге жететіндіктеріне сенімдімін», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Зияткерлік мектеп оқушылары арасында арнайы конкурс болып өтті, оған 5 627 адам қатысты, бір орынға 9 оқушыдан келді. Бұл Қазақстандағы зияткерлік мектеп рейтингінің жоғары екендігін көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, алматылық оқушылар түрлі пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар иеленіп келеді, Қазақстан бойынша биыл үшінші рет қатарынан ҰБТ тапсырудан ең жоғары көрсеткішке жетуде.