19.06.2014
« Біз ағымдағы жылы split PhD жобасын іске қостық. Ол докторанттарды екі үлгі бойынша дайындауға мүмкіндік береді. 2- олар Қазақстанда және шетелде ғылыми зерттеу жүргізеді.Бұрын ғылымдар докторы атағын алу үшін 5-6 жыл қажет болса, қазір біз жаңа бағдарламаны қолданатын боламыз. Біз бұл бағдарламаны енгізуді Назарбаев Университетінен бастадық. Келер жылдан бастап, барлық Қазақстандық ЖОО бұл бағдарламаны енгіземіз», - деді Ғ. Нығыметов.
Оның айтуынша, қазір бағдарлама өңірлермен жұмыс істеуге баса назар аударып отыр.
«Біз «Болашақ» бағдарламасына қатысуы керек жастар шоғырланған қалаларға бардық. Бұл жұмыс жалғасын таппақ», - деді ол.
Электронды үкімет арқылы рекордтық өтініш қабылданған.
«Өңірлердегі үміткерлер Астанаға келмей – ақ egov.kz арқылы өтініш бере алады. Құжаттар тікелей бізге түседі», - деді ол.
Мадина Нұрбекова