19.06.2014
««Қазір бізде 7 мың түлек бар. 10,5 мыңнан астам стипендия тағайындалды, олардың 7 мыңға жуығы оқуларын аяқтап, Болашақ түлектері саналады. Олармен жұмыс жасау керек, себебі олардың потенциялы ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет. Біз орталығымыздың негізінде болашақтықтармен байланыс орнататын кеңсе құрдық. Кеңсе оларға соңғы жаңалықтар туралы хабарлап, ҚР Білім және ғылым министрімен кездесулер өткізіп, олармен жұмыс істейді», - деді Ғ.Нығметов.
Оның айтуынша, орталық бірнеше кездесу ұйымдастырды.
«Кездесулердің бірі Назарбаев Университетінде өтті. Іргелі оқу орнында 300 болашақтық жұмыс істейді. Ал, жақында ғана Шымкетте ОҚО-да жұмыс істейтін болашақтықтармен бірінші аймақтық кездесу өтті», - деп Ғ.Нығыметов толықтырды.
Сонымен қатар, ол мұндай кедесулер түлектердің алдынан шыққан проблемалар туралы өз ауыздарынан естуге мүмкіндік береді, деп атап өтті.
Айта кетерлік жайт, бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 6 954 түлегі бар.
Мадина Нұрбекова