18.06.2014
«Бүгін біз үшін маңызды күн. Сіздер біздің үкілеген үмітімізді ақтадыңыздар. Осы жеңістеріңізбен құттықтаймын!», - деді Қырымбек Көшербаев.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл аймақта білім саласына өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе артық қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін өңірде 30 мектеп пен 8 балабақша пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, 49 білім ошағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ал, облыс әкімінің гранты 300-ге жетті. Оның үстіне, Ресей Федерациясының есебінен тағы 153 оқушы « МИСиС» ҰЗТУ білім алатын болады.