• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысының 155 түлегі «Алтын белгі» алды 17.06.2014

«Облыстың абыройын арттырған бұл қуаныш – сіздердің үлкен өмірдегі болашақ толайым табыстарыңыздың бастауы деп білеміз. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар, қалан» – деп Абай атамыз айтқандай, өмірде өз орындарыңды тауып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын айтулы азамат болыңыздар» , - деді Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов.

Облыс  әкімдігінің мәліметінше,  10 181 адам ҰБТ тапсырған, бұл мектеп бітіруші түлектердің 70,4 проценті деген сөз.

Тестілеу барысында 956 жасөспірім 100-ден жоғары балл жинаған. Сөйтіп, облыс бойынша ҰБТ-дағы орташа балл 73-ті құрап отыр. 
 


Back to the list