16.06.2014
Жиынға қатысып отырған педагогтар мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру мен білім берудің жаңа бағыттарын айқындау, педагогикалық ғылым мен тәжірибені кіріктіру арқылы білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, педагог кадрларды кәсіби жетілдіру аясында отандық және халықаралық тәжірибелерді кіріктіру, білім арттыру жүйесіндегі оқыту әдіснамасы мен мазмұнын жаңарту жолдарын насихаттау мәселелерін ортаға салып, өзара тәжірибе бөлісуде.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, аталған шараның білім беру ұйымдары көп шоғырланған Оңтүстік Қазақстан облысында өткізіліп жатқаны аса маңызды. Кешегі өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында да өңірдің мектеп түлектері жоғары нәтиже көрсетіп, сапалы білім алғандығын дәлелдеді.