• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан теңіз академиясының мамандарын халықаралық стандарт бойынша оқытатын болады – ККМ 16.06.2014

Казіргі кезеңде заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Бұл Конвенцияның талаптарын орындау Қазақстанға Халықаралық теңіз ұйымының «Ақ тізіміне» енуіне мүмкіндік береді. Өз кезегінде осы арқылы қазақстандық дипломдар барлық шетелдік порттарда мойындалуы қамтамасыз етіледі, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.

Құжаттың негізгі қағидаттары арасында: оқу орындары мен теңіз жаттығу орталықтарын  оқыту бағдарламасы, тренажерлік дайындық, курсанттарды жүзу практикасымен қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытушылар мен нұсқаушылардың біліктілігі мен құзыретін куәландыру  жөніндегі талаптарды бекіту мәселелері қарастырылған. Куәландыру  теңізшілерді халықаралық сапа стандарттарына сай дайындау процедурасына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, 2012 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында Қазақстан теңіз академиясы ашылғаны белгілі. Ондағы «Кеме жүргізу» және «Кеме механикасы» мамандықтары бойынша  қазіргі уақытта 41 кадет білім алуда. Академия мамандарының алғашқы мамандарын шығару 2016 жылға жоспарланған Академияға Голландияның жетекші теңіз мектебінің оқытушылары тартылған


Back to the list