• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Бөбек» қорының жаңа әлеуметтік жобасы жүзеге асырыла бастады 15.06.2014

Аталмыш жобаны іске асыруға бірінші болып республикамыздың оңтүстік өңірі кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 1 маусымда Алматы қаласында «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Бөбек» қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ арасында МБЖЖ шеңберінде білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мақсатты қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қойған еді. Келісім былтырдан бері іске асырылып жатқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалды. 

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығында облыстық (қалалық) білім басқармаларының басшылары мен мамандарының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қ. балалар үйлерінің директорлары мен әлеуметтік педагогтарының қатысуымен тұңғыш семинар-кеңес жұмысын бастады.

Басқосуда қайырымдылық көмектің мақсатты үлестірілуі мәселелері, білім беру қызметтерін төлеу тетігі, ақшаның мақсатты пайдаланылуын және тәрбиеленушілердің білім беру жинақтау шоттарының ашылуын мониторингілеу мәселелері талқыланды. 


Back to the list