11.06.2014
«Таяу перспективада Назарбаев университеті базасында ғылыми саябақ, жоғары технологиялы индустриалды алаң құру жоспарланған. Саябақ ғылыми-зерттеу институттарының, корпоративтік орталықтардың және ірі жоғары технологиялы компаниялардың белдеуін қалыптастыруды қарастырады, олар Назарбаев университетінің ғылыми орталықтарымен, мектептерімен өзара тығыз әрекет етеді», - деді Г.Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, бүгінде Назарбаев университетінде мына бағыттар бойынша 45 ғылыми жоба жүзеге асырылады: жаңартылмалы энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, робототехника, физика.
Сондай-ақ вице-премьер елдің жеделдетілген дамуы ғылым мен бизнестің өзара байланысы кезінде мүмкін болатынын атап өтті.