• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Кәсіпқор» холдингі халықаралық талаптар бойынша Қазақстандағы NCCER тіркеу орталығы болады 10.06.2014

«Біз аталмыш стандарттың шетелде алынуы  үшін өз жұмыскерлеріміздің шығынын сақтау мақсатында Қазақстанда да осы стандартты енгізбекпіз. Енді Атыраудағы колледж базасында аталмыш орталыққа тіркеу алу, біздің шығаратын құрастырушыларға арналған сертификат алу, арнайы оқыту бағдарламаларын ензігу мен тәжірибелік қабілеттерді бағалау жүйесін құру қажеттілігінің маңызы зор», - дейді «Кәсіпқор» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Айжан Ахметова.

Оның айтуынша, NCCER сертификаттары әлемдік деңгейде мамандарды оқытудың жоғары дәрежесі  ретінде мойындалған NCCER жобалары аясында өткізілетін тренингтер бағдарламасы секілді жұмыс мамандықтарындағы біліктілік деңейінің көрсеткіші болып табылады.

«Жұмыскер аталмыш сертификатты алғанынан кейін халықаралық NCCER базасына жеткізілетін, яғни, кез келген жұмыс берушінің қандай да бір ақпарат алуына жағдай жасайды. Біз бұл тәжірибені ұлыбританиялық әріптесіміз Pearson-мен бірлесіп қолға алудамыз. Олар «Тенгизшевройл» ЖШС қысымымен басқару жобасы мен болашақ дамыту жобасының құрылыс жұмыскерлеріне арналған тіркеуді енгізуді жоспарлап отыр», - дейді А.Ахметова.

Өз кезегінде Еуропа бойынша BTEC өңірлік менеджері Марк Вудкок әлемдік деңгейдегі оқытудағы маңызды шарттың мобильділік екенін алға тартты.

«Студенттердің мобильділігі, олардың прогресс деңгейінен, университеттік және университеттен кейінгі кәсіби техникалық біліктілік деңгейінен еркін орын алмасуы өте маңызды. Бұл қазіргі таңда әлемдік сұранысқа ие болып отырған басты қабілеттердің бірі болып табылады. Бұл аталмыш компанияның Қазақстанға енгізуді жоспарлап отырған жобасы», - дейді. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list