• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда  мектеп жанындағы  жазғы лагерге  19 мың бала барады 09.06.2014

«2014 жылдың бірінші сауықтыру маусымында Алматының 175 мектебі 18970 баланы қамтитын жұмыс ұйымдастырылды, оның ішінде 156 тамақтандыру лагері – 11632 баланы қамтыса, 8 лагерь ұйқымен 834 баланы, 19 мектепке дейінгі жазғы алаң – 7338 баланы қамтып отыр», - делінген хабарламада.

Санитарлық-эпидемиологиялық әлеуетті қамтамасыз ету үшін емханалар медқызметкерлермен, мектеп жанындағы лагерьлердің өкілдерімен семинар-кеңестер өткізілді.

Айта кетерлігі, Алматы қаласының тұтынушылардың құқын қорғау департаменті денсаулық сақтау мен білім беру басқармасымен бірігіп оқып жатқандарды сауықтыру жұмысымен айналысуда. Бұл жұмыс пилоттық режимде 2010 жылдан басталған, 2010-2013 жылдар арасында 8428 оқушы сауықтырудан өтті. 


Back to the list