02.06.2014
«2015 жылы соқыр балаларға арналған балабақшаның құрылысы басталады. Жыл санап мұндай топтағы бүлдіршіндердің саны артып келеді», - дейді Э.Суханбердиева.
Сонымен қатар, көмескі көретін балаларға арналған №23 балабақшасының базасында алғаш рет соқыр балаларға арналған топ ашылды.
«Осыған орай ата-аналардың сұрауымен №23 балабақшаның базасында алғаш рет соқыр балаларға арналған топ ашылды. Қазірде топта жеті бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Олардың ата-аналары ұжым жұмысына әбден қанағаттанады. Олардың сәбилеріне арналған арнайы ойыншықтар мен құрылғылар да қамтамасыз етілген», - дейді білім беру басқармасы жетекшісі.
Айта кету керек, аталмыш топтың ашылуы мен болашақта тұтастай балабақшаның салынуы мұндай топтағы бүлдіршіндердің еркін тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.