02.06.2014
«№61 мектепте балаларды балабақшаларға іріктеу басталады. Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын балабақшаға іріктеу жұмысы өтеді.Барлығы жоспармен жүзеге асуда, комиссия 17 адамнан тұрады», - деді Э. Суханбердиева.
Айта кетерлігі, комиссия балалардың жасына қарап іріктеуді реттейді. Жалпы орынның 20-25 пайызы жеңілдік арқылы берілсе, қалғаны 2-6 жас аралығындағы балалар арасында іріктеледі.
Балабақшадағы орынға бірінші кезекте I және II топтағы мүгедек балалар мен ата-аналар, үлкендердің қарауынсыз қалған балалар, ҰОС қатысушылары, мүгедектері, әскери адамдардың балалары ие болады. Осыны растайтын құжаттар жұмыс кезінде қаралады.
Жұмыс комиссиясы № 61 мектепте 15.00 - 18.00-ге дейін 300 адамды қабылдайды.
Индира Кауметова