• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 3500-ден астам оқушы ҰБТ тапсырады 02.06.2014

«Бүгін елордалық оқушылар үшін тестілеудің алғашқы күні. Жалпы тестілеуге қатысуы тиіс 4042 оқушының 3588-і сынақ тапсырады. Дәл қазір қаланың үш пунктінде 1244 оқушы емтихан жазып жатыр. Атап айтар болсақ, олар Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен ҚазМЗУ. Әзірге ешқандай оқыс оқиға орын алмады, оқушылар сынақтан өтіп жатыр», - дейді басқарма жетекшісі.

Айта кету керек, Астанада 2,4,6 күндері ҰБТ өткізіледі. Ал 3,5,6 күндері аппеляция қабылданбақ. Жалпы тестілеуге 3,5 академиялық сағат беріледі. Сынақ қорытындысы сол күні сағат 18:00-ден кейін ілінеді. Сынақты өткізу форматы өзгертілмеген. Ең төменгі балл -50. Ал ұлттық университеттерге түсу үшін 70 балл жинау қажет.

Сонымен қатар, сынаққа қатысатын жалпы талапкерлердің 1777-і қазақ тілді мектеп түлектері болса, 1811-і орыс тілді оқушылар. Ал тағы 454 оқушы дәстүрлі форматтағы мемлекеттік сынаққа қатыспақшы. Олар алыс және жақын шетелдің оқу орындарына талапкерлер. Олардың арасында негізінен халықаралық олимпиада мен жоба жарыстарының жеңімпаздары.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарын ұлттық тестілеу орталығы білім беру бағдарламасы негізінде құрастырады. Сынақты екінші рет қайта тапсыруға рұқсат жоқ. Егер талапкерді тестілеу қорытындысы қанағаттандырмаса, оқушы аппеляцияға бере алады. 

Индира Кауметова 


Back to the list