02.06.2014
Қала басшысы Ахметжан Есімов 1 маусым күнімен құттықтап, шаһарда балалардың дамуы, тәрбиесі мен білім алуы үшін қыруар шаруанын атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Соңғы 6 жылда Алматыда 25 балабақша, 14 мектеп, 3 мектептің жанына қосымша, 1 мектеп-интернат, 1 колледж салынды, деді ол.
«Алматыда 6 жасқа дейінгі 158 мыңнан астам бүлдіршін тұрады. Қалада өсіп келе жатқан балалардың жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасалуда. Биылғы қаладағы білім жылы аясында 24 білім нысаны бой көтереді», - деді Ахметжан Есімов.