26.05.2014
Форум барысында халықаралық байқауларда үздік танылған дарынды оқушылар мен ұстаздарға облыс әкімінің арнайы сыйлығы табыс етілді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
«Біз біліміміз бен тәлім-тәрбиемізді Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлдене беруіне арнаймыз. Кең-байтақ еліміздің аты асқақтай беруі үшін күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қазақ елінің әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет болуына жастық жалынмен, сарқылмас күш-қуатпен еңбек етуге барлық жастарды шақырамын. Туған өлкеміздің шынайы патриоттары болып, оның келешегі үшін шексіз қызмет ететін боламыз»,- Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған лицей оқушысы Ерасыл Жәрдемов форумы үндеуін оқыды .
«Экологиялық таза үй» жобасын жасаған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әмірбек Орынғали «Бұл үйде тұратын болсаңыз, ешқандай коммуналдық төлем төлемейсіз. Мен экологиялық таза ауаны сақтай отырып, үйді жылытатын, суытатын жаңа технология ойлап таптым» деп атап өтті.