• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында   өндіріс пен кәсіби техникалық мекемелері арасында байланыс қалыптасқан 16.05.2014

А.Айдарбаевтың айтуынша, алдағы уақытта облыста халықаралық транспорттық жүк саласындағы негізгі қатысушы ретінде Қазақстанның беделін нығайта түсетін бірқатар жобалардың іске асырылатынын айтты. Осы жобалардың іске асырылуы білікті кадрларға мұқтаждық тудырмақ.

Өңір басшысының айтуынша, кәсіби мамандар бойынша облыс экономикасының күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін облыстың барлық колледждерінде қосымша ағылшын тілі пәні оқытылуда, деп хабарлайды Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, үш оқу орындарында қытай тілін оқытудың қанатқақты жобалары басталуда.

Кәсіпкерліктермен де келісім шарттар құрылуда. 2012 оқу жылында 504 келісімге қол қойылып, 2013 жылы бұл көрсеткіш 590-ға жетті.

«Әріптестік өз жемісін беруде. Соңғы үш жылда кәсіпкерліктер есебінен оқыған студенттер саны 52-ден 227-ге дейін артқан. Алайда біз оқу орындары мен өңірдің кәсіпкерліктер арасындағы байланысты тереңдетпекшіміз. Бүгінде 8 колледжде 11 мамандық бойынша дуалды білім беру элементтері енгізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап тағы 7 колледжде дуалды оқыту элементтері енгізілмек», - дейді А.Айдарбаев.


Back to the list