• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жоғары білімді  ықпалдастыру  жоспарлануда - Г.Әбдіхалықова 16.05.2014

«Білім беру жүйесі тек теориялық білім беріп қана қоймай, өндірістік жағдайға тез бейімделіп кететіндей мамандарды даярлауы керек. Техникалық кәсіби білім беру саласында бизнеспен серіктестік қатынасты нығайтпақшымыз. Колледждер жұмыс берушілердің сұранысына, білім беру бағдарламалары студенттерге интеграцияланған білімді, дағдыны беруге  бейімделетін болады», - деді Г. Әбдіхалықова.

Оның үстіне ҚР  Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіхалықова атап өткендей, техникалық кәсіби білімге қолжетімділікті арттыру үшін жағдай жасалады. Ол үшін аймақтардың сұранысына қарай ТжКБ мамандарына мемлекеттік тапсырыстың құрылымы өзгертіледі.

«Қазақстанның жоғарғы білім саласының білім беру, ғылыми және инновациялық қызметінде интеграция жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттік жеке серіктестіктің жаңа жүйесі керек. Сонымен қатар, оқу орындарын қаржыландыру жүйесін жетілдіргенде жөн болар.   Бұдан басқа, мамандарды даярлау жүйесін қайта құруда әлемдік тәжірибеге сүйенуді де ұмсынып отырмыз. Бұл шаралар еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыруға, жұмысшылар мен жұмыс берушілерге жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп Г. Әбдіхалықова түсіндіріп өтті.


Back to the list