14.05.2014
«Қазір пилоттық жоба жүруде, жұмыс берушілермен стандарттар дайындалып, әрбір мамандық бойынша оқыту бағдарламасы мен жоспарлар дайындалуда. Мемлекет басшысы қойған ең басты тапсырмалардың бірі техникалық мамандыққа оқыту мен тәжірибелер санын көбейту», - деді Г. Исинбаева.
Депутаттың айтуынша, бұл үрдіске әлеуетті жұмыс берушілер қосылуда.
«Мәселен, бірінші курста өнідірісте 40 пайыз тәжірибеге ие болып отыр дейік, екінші курста 60 пайыз, үшінші курста тәжірибе 100 пайызды құрауы керек. Бұл бағытта қазір жұмыстар жүргізілуде. Бірақ, нақтыланған нәтиже бар деп айту қиын», - деді ол.
Депутат бүгінде техникалық және кәсіптік ұйымдардың мамандары алып отырған бағытқа ауысу маңызды екенін атап өтті,оған қоса әрекеттер нық болуы керек.
Камила Амирова