11.05.2014
Fourth QS Middle East and Africa Professional Leaders in Education Conference and Exhibition Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі ЖОО-ның халықаралық әріптестік байланысы және білім беру бағдарламаларының интернационализациялануын талқыланған басқосудың басты мақсаты - жаһандану заманында аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқан жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешу, деп ЖОО-да хабарлады.
4st QS MAPLE Халықаралық білім беру көрме-конференциясы аясында қатысушы университеттер арасында креативті дизайн мен промо-өнімдер байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Халықаралық білім беру көрмесінде Еуразия ұлттық университеті «ЖОО туралы ең үздік фильм» номинациясы бойынша қола жүлдені иеленіп қайтты.
Конференцияға әлемнің 30-дан астам мемлекетінің университет ғалымдары, оқытушылары және халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Еуразия ұлттық университетінің мұндай ірі көлемдегі іс-шараларға қатысуы білім, ғылым және мәдениет жолында қарқынды дамуына орасан зор септігін тигізері анық.