• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 2 маусымда балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау басталады 11.05.2014

Айта кетейік, жалпы орындар санының 20-25% жеңілдікті кезек бойынша өтетін балаларға беріледі, қалғаны 2-6 жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл әр жастағы балаға 600-700 жуық орынды құрайды, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті болып отыр, өйткені, жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850-900 балаға) артады, сонымен қатар, халықтың елордаға көшіп келуі де ұлғаюда, жыл басында халық өсімі 4369 адамды құрады.

Астана қаласының Білім басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша, биыл балаларды қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейін өтеді. Содан кейін ата-аналарға балабақшаға жолдамалар беріледі. Жұмыс комиссиясы баланың жасына қарай кезектілік бойынша қабылдайды

 


Back to the list