10.04.2014
«2015 жылы PISA зерттеуіне 200 мектеп пен 18 колледжден 6 мың оқушы қатысады. 2012 жылы оған 5800 адам қатысқан болатын», - деді Ж. Жантаева.
Сондай-ақ, ол 2012 жылы PISA зерттеуінің қорытындысы бойынша жақсы дәрежеге жеткен Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары болды.
Айта кетейік, PISA зерттеуі 2000 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамасымен құрылды. Тестілеу бойынша 15 жастағы оқушылардың академиялық білімдері тексеріледі.
PISA бағдарламасы 3 жылда бір рет мына бағыттар бойынша өткізіледі: математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылымдары, компетенциялар.
Зерттеудің қорытындысы математикадан жақсы көрсеткіш көрсетті. Алайда, оқу бойынша көрсеткіш нашарлап кетті. Қазақстан математика көрсеткіші бойынша 49 орын, жаратылыстану бойынша – 52 орын, оқу бойынша 60 орынға тұрақтады.