10.04.2014
ҚР БҒМ хабарлағандай, конференцияда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ғылым саласын дамытуға қатысты маңызды сұрақтар мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде ғылымды дамыту болашағы талқыланады.
Сонымен қатар, шара аясында Қазақстанның жетекші ғалымдарын марапаттау рәсімі өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ғылым қызметкерлерінің күні бірегей ғалым геолог, Қазақстандағы металлогения мектебін құрған, бай кенорындарын табушы, Қазақстанның ғылымын ұйымдастырушы және 1946 жылы құрылған Қазақ КСР-ның Ғылым академиясының алғашқы президенті Сатпаев Қаныш Имантайұлының туылған күні орайластырылған. Биыл Қаныш Сатпаевтың дүниеге келгеніне 115 жыл толады.