09.04.2014
Жүлделі орынға 106 оқушының 71-і ие болды. Бірінші орынға екі адам тұрақтаса, екінші орынды 22 адам иемденіп, 3 орынды 35 оқушы қанағат тұтты. Сондай-ақ, 12 оқушы мараппаттау қағазына ие болды, деп «Астана дарыны» РҒТО хабарлады.
Оған қоса, конкурста «Ғарыш және Жер» атты көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар өз жобаларын мына тақырыптар бойынша қорғады: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық аппараттар», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Электроника, автоматика и телеметрия құрылғы орнату», «Ғарыштық биология және медицина», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және әлемдік эволюция», «Күн жүйесі», «Энергетика және химия».