07.11.2017
Астана қаласының Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың мәліметінше жұмыспен қамту қызметін жетілдіруге қатысты Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы алғаш болып қыркүйек айында жаңа форматта жұмыс істей бастады.
«Негізгі өзгесітердің бірі ол HR – қызметі тұрғысынан жұмыс берушілерге қажетті мамандарды сапалы түрде таңдау болып табылады. Яғни, егер бұрын Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілерге жұмыс орындарын іздесе, ал қазір, жұмыс берушілерге мамандар іздейміз», - деді Е.Оспанов.
Сондай-ақ енді жұмыс берушілерге бос жұмыс орындар туралы мәліметті беру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп жүрудің қажеті жоқ.