• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тамара Дүйсеноваға Алматы қаласында   «Ерте араласу» жобасы таныстырылды 25.10.2017

Алматы қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығында болған Тамара Дүйсенова, Орталықтың жаңғырту алдындағы жұмысымен танысты.

Ведомство хабарлағандай, бейімдеу және оңалту орталығындағы «Кеңес» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне «Балалар денсаулығы дамуының бұзылуына ерте араласу – сәбилердің ауыр мүгедектігі мен ерте жетім қалуының алдын алудың кепілі» атты қанатқақты жобаны таныстырды.

« Қанатқақты жобаны сынақтық жүзеге асыру барысында тәрбиесіндегі бала дамуында ерекшелігі бар 520 отбасы маман кеңесін алып үлгерді. Орталық мамандарының болжамы бойынша, жобаға қатысқан балалардың 70%-дан астамы, болашақта балалар бақшасы мен жалпы білім беретін мектептердегі қалыпты ортаға араласып кетуге толық дайын болады», - деді Т.Дүйсенова.

«Кеңес» орталығы психоневрологиялық ауытқуы бар балалар мен олардың отбасыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Тамара Дүйсенова орталықтың жұмыс нәтижесіне оң бағасын беріп, еліміздің өзге де өңірлерінде дәл осындай орталықтарды ашудың маңыздылығына тоқталды.

 


Back to the list