• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
21 608 жамбылдық жұмыспен қамтылды 20.09.2017

Жомарт Әмірхановтың сөзіне сүйенсек, есепті кезеңде  әлеуметтік көрсеткіштердің оң  динамикасы байқалды. Кедейшілік шегінен төмен тұратын халық үлесі 2017 жылдың 1 қыркүйегіне өткен жылғы тиісті кезеңдегі 0,2 пайызға қарсы 0,1 пайызды құрады. Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыс жалғасуда. Есепті кезең ішінде  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 21608 адам қамтылды.

«Нәтижесінде ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың          1 қыркүйегіне 1,6 пайызды құрады. 2017 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға бюджеттен 98,2 млрд. теңге, оның ішінде  білім беру жүйесіндегі нысандарды дамытуға 6,2 млрд. теңге (Ұлттық қордан – 2,4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 0,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4  млрд. теңге (қосымша қаржыландыру) қарастырылған», - деді спикер.

Бұл қаражат есебінен 2017 жылы 4 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 10 мектептің құрылысы жалғасуда, оның ішінде ағымдағы жылдың сонына 1 мектептің құрылысы аяқталады.

2017 жылдың 1 тамызына  облыстағы  457 мектепке дейінгі ұйымдарда (306 балабақша, 151 шағын орталықтар) 48,4 мың бала немесе 58,1% (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 пайыздық тармаққа артық.

«Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 24,0 млрд. теңге қарастырылған (бұл 2016 жылмен салыстырғанда 39,3%-ға кем), оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 18,0 млрд. теңге,  денсаулық сақтау жүйесіндегі нысандарды дамытуға  - 1,0 млрд. тенге», - деді экономика басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, ол толықтырып кеткендей, 2017 жылдың 1 қыркүйегіне 2 фельдшерлік-акушерлік пункттердің,4 дәрігерлік амбулаториялардың кұрылысы, сондай-ақ Шу қалалық ауруханасының қазандығын қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. 1 фельдшерлік-акушерлік пункттің, 4 дәрігерлік амбулаториялардың және дәрігерлік пункттің құрылысы, сондай-ақ Тараз қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасына заласыздандыру камерасы ғимаратының  құрылысы жалғасуда. 


Back to the list