• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өңірлерде  «Еңбек жолы» байқауына дауыс беру жүріп жатыр 23.08.2017

Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:  «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас қызметкер», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.  

Бүгінгі таңда өңірімдің 11 өңірінде дауыс беру белсенді түрде жүріп жатыр. Кез-келген Қазақстан азаматы өз қаласының үздік жұмысшысын онлайн тәртіпте таңдай алады.

Онлайн-дауыс беру әр аталым бойынша 3 үздік жұмысшыны анықтауға мүмкіндік береді (барлығы 9 үміткер). 2 кезеңде аймақтық комиссия мүшелері іріктелген 3 үздіктен аймақтық жеңімпазды анықтайды.       

Барлық аймақтағы үздік деп танылған қатысушылар аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, дәл осы кезеңде байқау жеңімпаздары анықталады.

Еске сала кетсек, республикалық «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы бекітілген. Іс-шараның мақсаты - жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу,  жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.

 Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың қазан айында  Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» атты  республикалық форумында өткізу жоспарланып отыр.

       

 

 


Back to the list